Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері Әсел Баймұқанова мәлім етті.
Оның айтуынша, жобаның негізгі мақсаты - Каспий итбалығының мекен ететін аумағын тексеріп, балық аулау торлары мен қоқыстардан тазарту. Сондай-ақ бұл жоба Каспий итбалығы популяциясының жай-күйін бағалауды көздейді.
«Экологиялық жоба шеңберінде 1-20 қыркүйек аралығында Подгорный, Рыбачий, Құлалы аралдарының жағалауында тексеріс жұмыстары жүргізіледі. Мәселен, 2019 жылдың күз мезгілінде 3 аптаның ішінде 2 856 кг-ға жуық балық аулары, 2 206 кг шыны, 2 165 кг тұрмыстық қатты қалдықтар жиналды. Жүргізген талдау нәтижесінде теңіздегі торлар итбалықтардың өміріне қауіп төндіретіні белгілі болды. Өйткені, балықтар торға тез оралады. Сондықтан, олар 50 жыл емес, 20-30 жыл ғана өмір сүреді», - деді Әсел Баймұқанова.
Айта кетейік, былтыр жүргізген экспедицияның нәтижесінде 3 790 кг балық аулау торы жиналды. Талдау жұмысы кезінде Құлалы аралы жіті зерттелді. Аралдың батыс бөлігіндегі белгіленген жердің 29% ғана қаралды. Мамандардың айтуынша, бұл аймаққа ерекше назар аудару қажет.
«Каспий итбалығының популяциясын сақтау» жобасын іске асыру аясында Каспий итбалығының мекендейтін орнын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар одан әрі жалғасады», - деді Әсел Баймұқанова.