Бұл туралы өңір педагогтарының тамыз конференциясында Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Кейінгі жылдары Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асып жатқан «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» бағдарламасы өңір әлеуетінің кеңеюіне оң ықпал етуде. Мысалы, Туризм колледжі туризм саласы мамандарын дайындайтын платформа болып қалыптасты. Соның нәтижесінде, аймақта 2020 жылы ашылған «Rixos» қонақүйіне мыңға жуық жас маман жұмысқа орналасты. Алдағы уақытта аталған қонақүймен әлеуметтік серіктестікті жалғастыру көзделуде. Колледждің үздік 20 студенті енді түрік елінде оқитын болды. Осы ретте Білім, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларына мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыру, білім гранттарын бөлу кезінде өңірдің еңбек нарығына қажетті мамандықтарға ғана таңдау жасауды тапсырамын, деді облыс әкімі.