Мәжіліс депутаттары – «Nur Otan» партиясы Фракциясының мүшелері Еділ Жаңбыршин және Самат Мұсабаев Маңғыстау облысына сапары аясында Жармыш ауылының тұрғындарымен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тұрғындар көтеріп отырған мәселенің маңыздылары - су құбырын тарту және Мәдениет үйінің құрылысын бітіру. Аудан әкімі Т. Көшмағабетовтың ақпараты бойынша су бойынша конкурс өтіп жатыр, қаржы да қарастырылған. Мәдениет үйі көп ұзамай қолданысқа беріледі.
Жармышқа дәрігер керегі көптен бері айтылып келе жатыр. Ауданның мәслихат депутаты Ж. Ешманов бұдан бұрын да депутаттарға хатпен шыққан. Бұл өтінішті депутаттар Денсаулық сақтау министрі Цойға да жолдаған. Депутаттар аудан басшылығымен бірге жұмыстанатындықтарын айтты.
Ал шөп мәселесі бойынша арзан бағамен шөп тасушы арнайы оператор белгіленіп, ауылдардың сұранысы бойынша жеткізіп тұр. Бір түк шөптің бағасы 1 100-1 200 теңге аралығында, тіпті шөптің сапасы мен сұрпына қарай 800-900 теңгеден сатылып жатыр.
Жалпы, Жармыш ауылында шешуі табылмай тұрған күрделі мәселе жоқ, бәрі де оң нәтижеге жететін, тек уақытын ғана күтіп тұрған сұрақтар, - дейді депутаттар.