Бұл туралы Маңғыстау облысы Статистика департаментінің басшысы Римма Утюшева мәлімдеді. Оның айтуынша, тұрғындар туралы деректерді жинау процесі екі жолмен жүзеге асырылады.
"Халық санағының алғашқы 45 күнінде қазақстандықтар санақты онлайн режимде sanaq.gov.kz сайтынан өте алады және санақ барысында қойылатын сұрақтарға жауап бере алады. Жүйе тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді. Респонденттер санаққа қатысу үшін кез келген қолайлы уақытты таңдай алады. Бұл процесті тоқтатуға және оны кез келген ыңғайлы уақытта жалғастыруға мүмкіндік береді", - деді Римма Утюшева.
Халықты санақпен барынша қамту үшін "Аitu Messenger" отандық мобильді қосымшасы арқылы өту мүмкіндігі беріледі.
"Екінші әдіс - дәстүрлі толықтай аралау. 1 қазаннан 30 қазанға дейін санақ белгіленген мерзімде онлайн-режимде санақтан өтпеген респонденттер арасында жүргізіледі. Интервьюерлердің электрондық планшеттерді толықтай аралау кезінде пайдалануы жаңалық болғалы тұр. Бұл адам факторының деректер сапасына әсерін азайтады", - деді Римма Утюшева.
Мамандардың айтуынша, санақ кезінде мәлімет жинау үшін сәйкестендіруші ақпарат ретінде сұралған адамның ЖСН пайдаланылады. Бұл мәліметтердің қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді.