Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Токио Олимпиадасының жүлдегері Елдос Сметовті қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аймақ басшысы қазақтың қанындағы қайсарлық пен батырлық бүгінгі саңлақ спортшылардың бойынан көрініс тауып жатқанын айтты. Елдостың Токио төріндегі жеңісі барша елдің мерейі екендігін айрықша атап өтіп, маңғыстаулықтардың атынан үш миллион теңгенің сертификатын табыстады.
Елдос Бақтыбайұлы дзюдодан 60 кг салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте 1-орында тұрған спортшы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Өз салмақ дәрежесінде әлем чемпионы. Халықаралық «Grand Prix» турнирінің үш дүркін жеңімпазы. Рио де Жанейрода өткен ХХХІ жазғы Олимпиадасының күміс жүлдегері.
Елдос өз кезегінде құрметке бөлеп жатқан Маңғыстау облысының басшысы мен өңір тұрғындарына алғысын жеткізді.