Жақында «Nur Otan» партиясы Фракциясының мүшелері Еділ Жаңбыршин және Самат Мұсабаев Қарақия аудандық мәслихат депутатарымен, «Nur Otan» партиясы Фракциясының мүшелерімен онлайн кездесу өткізді.
Қарақия аудандық мәслихат хатшысы Ж. Қалаубай мына мәселеге тоқталды:
- Өзіңіз білетіндей, нормативтік құқықтық актілер жобасына келісім беру және жергілікті мәслихат бекіткен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу құқығы Маңғыстау облысы әділет департаментінің құзыретінен алынып, Әділет министрлігіне берілген.⠀
Заң өзгерістеріне сәйкес Әділет департаменті тарапанынан мониторинг жүргізіліп, шешімді сәйкестендіру үшін Қарақия ауданы мәслихатының «Қарақия ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» 2021 жылғы 29 маусымдағы №2/18 шешімін Әділет министрлігіне келісім алу үшін жолдаған болатынбыз, алайда Әділет министрлігінен пысықтау үшін кері қайтарылды. Әділет министрлігіне ұсынылған жаңа шешім жобасы бойынша, бұрынғы шешіммен беріліп келе жатқан төмендегідей әлеуметтік көмектердің алынып тастау қаупі туындап отыр.
Олар: «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған және бұрынғы КСРО-ның «Батыр ана», «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар (екі айлық есептік көрсеткіш; - бұл санатта 1027 аналарға жылына 1 рет);
- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар (балаларға) – әрбір балаға сегіз айлық есептік көрсеткіш; - бұл санаттағы 1350 адамға жылына 1 рет);
- жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 70 жастан асқан зейнеткерлер (екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде; бұл санаттағы 883 адамға жылына 1 рет);
- ауданның осал топтарынан шыққан, Маңғыстау облысында белгіленген ең төменгі күн-көріс деңгейінен төмен кірісі бар отбасылардың 20 студентінің оқу ақысы мен ай сайынғы тамақтану мен тұру шығындарын жабуға арналған әлеуметтік көмектер. Қазіргі таңда тұлдыр жетім, бір жағы жоқ жетім балалардың әкімнің гранты арқылы оқуға түсулеріне көмек сұраған өтініштер жиі түсіп отыр.
Үкіметтің «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулы талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты, шешім қабылданғаннан кейін (барлығы 3280 адамға) көмек ақылар беру тоқтатылатындығын қаперіңізге беремін.Бұл жағдай ауданның қоғамдық саяси ахуалының тұрақтылығына әсер етіп, халық арасында наразылық тудыруы мүмкін. Осы орайда Сіздерден, жоғарыда аталған мұқтаж азаматтарға арналған әлеуметтік көмек түрлерін қалдыруға ықпал етулеріңізді сұраймыз, - деді ол.⠀
Қарақия аудандық фракция жетекшісі Ерлан Тәжібаев:
- Құрық ауылында жағажай демалысын дамыту мақсатында жалпы алаңы 5 га құрайтын жағажай аумағын абаттандыру жобасын облыстық бюджет комиссия тарапынан қолдау таппай тұр. Жетібай, Мұнайшы ауылдарында әсіресе жаз мезгілінде су көлемін артыру керек, - деді.
Сонымен қатар, Бақтыкерей Дусупов ауруханаға қатысты мәселені қозғады.
Жетыбай ауылның ауруханасына барып мониторинг жургізгенде ИВЛ аппараттары керегі, кислород баллондар жетпеуі анықталды. Сонымен қатар, үш этажды ғимаратта лифт болмауы, осы мәселелер шешілсе болар еді. Жыл сайын ремонт кейінге ығыстырыла береді соны 2023 жылда қалдырмай жасалса екен, - деген өтінішін айтты.⠀
Бұдан өзге, Атамекен кәсіпкерлер палатысының директор штаты қысқартылып қалған, кәсіпкерлерді қолдау бағытында, аумақ туристік, ауыл шаруашылық, шағын-орта бизнес қолдау бағытында қайтадан штат ашу туралы, Ақтобе облысынан су тартылса сол тартылған желіні мал жайылымдары бар жерлермен жүргізсе деген мәселелер айтылды.
Мәселелер өте орынды, ауруханаларға жалпы жеке «кислородная станция» керек деп есептейміз, жетіспейтін құралдар қамтылу керек. Атамекен кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі жақын арада отырысы өтеді. Филиал директорын штатын ұсынамыз, жоғарыда аталған мұқтаж азаматтарға арналған әлеуметтік көмек туралы мәселені қозғайтын боламыз,- деді Е.Жаңбыршин.