Маңғыстау облысында кеше коронавирус сырқатынан 207 адам емделіп шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
11 тамыздан бастап бүгінгі күнге дейін 1266 маңғыстаулық сырқатынан жазылып шықты.
Қазіргі уақытта стационарларда 1 077 науқас емделіп жатыр. Облыста кеше 200 адамнан коронавирус анықталып, 15 адам қайтыс болды.