Кеше «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы онлайн форматта өтті.
Отырыста облыстық сайлауалды бағдарламаның «Білім беру сапасын жақсарту» бағыты бойынша 3-тоқсанда атқарылған жұмыстары туралы МО білім басқармасының басшысы С. Түлебаеваның есебі тыңдалды.
- Жаңа оқу жылында облыс бойынша 530 білім беру нысаны өз жұмысын бастайды Олар: 324 балабақша, 143 жалпы орта білім беретін күндізгі мектеп, 15 жекеменшік мектеп, 5 кешкі мектеп, 16 арнайы білім беру ұйымдары, 27 колледж. Биыл ашылады деп жоспарланған 1 490 орындық 19 балабақшаның 16-ы ашылды. 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту - 100%, 2-6 жасты қамту 67,6%. Балабақшаларға жолдама беру жұмысын оңтайландыру үшін биыл мамыр айынан бастап Цифрлық даму басқармасымен бірлікте арнайы ақпараттық жүйе енгізу жұмыстарын бастадық. Қыркүйек айының басында іске қосылады, - деді ол.
Оның айтуынша, жаңа оқу жылында облыс мектептеріне 166 мыңға жуық оқушы келеді деп күтіліп отыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда оқушы контингенті 8 мыңға артық болуы мүмкін. 1 сәуірден 1 тамызға дейін 1 сыныпқа қабылдау жүргізілді. Дегенмен, дәлелді себептермен кеш қалған балалардың құжаттары әлі де қабылданады.
Мектептерде санитарлық-эпидемилогиялық талаптарды сақтау мақсатында ішкі қаражаттарынан 108 млн тг. қаржыға дезинфекциялық құралдар: тоннелдер, кварцтар, санитайзерлер сатып алынды. Барлық білім беру ұйымдарында «Ashyq» бағдарламасы енгізілді.
Осы оқу жылында мектептерде 15 395 мұғалім қызмет етеді. Зейнет жасындағы 375 педагог бар. Жаңа оқу жылында 644 жас маман мектептерге орналасады, қабылдау жұмыстары жүргізілуде. 119 орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне қажеттілік бар (Ақтау қ. – 39, Жаңаөзен қ.-51, Мұнайлы -15, Қарақия - 14). Осы ретте өңірдегі педагог мамандар даярлайтын 7 колледжі биыл 60, Есенов университетін 24, облыс әкімінің грантымен басқа қалада оқитын 1 орыс тілі әдебиеті пәні мұғалімі келіп 85 кадр тапшылығы өтеледі, қалған 34 кадр тапшылығы зейнет жасындағы мұғалімдер есебінен және басқа мұғалімдерге қосымша жүктеме беру арқылы уақытша шешіледі. Басқа өңірден маман тарту жұмыстары жүргізілуде. Биыл 3 маман келеді. Келген мамандарға тұрғын үй мәселесі қарастырылған.
Бүгінгі таңда мектептердегі вакцина алуға қарсы көрсеткіші жоқ 10 943 педагогтың 75,2%-ы (8 224), кіші қызметкерлердің 52,6 %-ы екпе алды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, қыркүйекке дейін барлық мұғалім вакцинацияланады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша техникалық және кәсіптік білім алған түлектерді оқу орындарын аяқтағаннан кейінгі жұмысқа орналасу көрсеткіші туралы да айтып өтті.
- Облыстағы 27 колледждің жалпы контингенті 19 723 студентті құрайды. Биыл 1 курсқа 6 445 студент қабылданады. Оның ішінде мемлекеттік тапсырыспен қабылданатыны 4 631 студент, «Еңбек» бағдарламасы бойынша – 1 131. 2021 жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында бітіруші түлек саны 4 408 адам, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша -3 289. Жұмыспен қамтылғандар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен бірге – 3 173 (72,0%) адам. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыспен қамтылғандар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен бірге – 2 212 (67,0%) - Жоғарғы оқу орындарында білімін жалғастыруға ниет білдіргендер саны 428 адам (9%), - деді С. Түлебаева.
«Білім беру сапасын жақсарту» бағытының 112,113,114 тармақтары бойынша 3-тоқсанда атқарылған жұмыстар туралы Маңғыстау облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары А. Манкешованың есебі тыңдалды.
Жалпы «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейігі сайлауалды бағдарламасы аясында облыста 26 мектептің құрылысы жоспарланған. Соның ішінде: 2021 жылы – 4 мектеп; 2022 жылы – 7 мектеп; 2023, 2024, 2025 жылдары – 5 мектептен.
- Биыл Маңғыстау облысында 4 мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Олар: Ақтау қаласының Шығыс-1 тұрғын алабындағы 300 орындық жалпы білім беру мектебінің құрылысы, Ақтау қаласының 32А шағынауданындағы №29 орта мектепке 300 орынға арналған жапсаржай құрылысы, Бейнеу ауданы Бейнеу ауылында Күйкен атындағы орта мектепке бөлек тұратын оқу корпусының құрылысы, Өмірзақ ауылындағы №27 мектеп жапсаржайын қайта құру. Шығыс-1 тұрғын алабындағы мектеп құрылысы биыл тамыз айында толықтай аяқталып, пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 32А шағынаудандағы мектеп жапсаржайының құрылысы басталды, желтоқсан айында аяқталатын болады, - деді А. Манкешова.
Сонымен қатар, басқарма басшысы жаңадан салынатын және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін мектептер құрылысының сапасы туралы да тоқталып өтті.
- Бейнеу ауылындағы оқу корпусы нысанына конкурстық рәсімдер аяқталып, жеңімпаз анықталды. Мердігер – «Нұр-Жол Құрылыс» ЖШС. Бұдан басқа, Өмірзақ ауылындағы қолданыстағы мектепке қайта құру жұмыстарына жарияланған конкурс қорытындысы шығып, жеңімпаз анықталған болатын. Мердігер – «Нұрболат» ЖШС. Қазіргі таңда ғимараттың тиісті аумағын жобаға сәйкес бұзу жұмыстары басталды. Барлық нысандар тиісті қаржымен қамтамасыз етілген, тек Бейнеу ауылындағы нысанды аяқтауға қосымша 245,4 млн. теңге көлемінде қаржы қажет. Бұл қаржы «Ауыл-Ел Бесігі» бағдарламасы аясында бөлінген қаржыдан үнемделген қаржы есебінен толықтырылады деп күтілуде, - деді Манкешова.
Сонымен қатар, Ақтау қаласының 18, 31а шағынаудандарында, Басқұдық ауылының Алау және Жаңа қоныс тұрғын массивтерінде жаңа мектептердің құрылысы басталды. Жыл соңына дейін екі жекеменшік мектептің құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр.