Бүгін – Халықаралық Каспий күні.
Бұл экологиялық күнді теңіз жағалауындағы 5 мемлекет: Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан атап өтеді.
Осы мерекеге орай "Ecojer" қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығының Маңғыстау өңірлік экологиялық кеңесінің мүшелері Әділбек Қозыбақов және Бақытгүл Жақсылықова Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарын Каспий теңізі жағалауын тұрмыстық қатты қалдықтардан тазалап, шаһардағы тазалық жұмыстарына белсенді қатысуға шақырады.
Оқи отырыңыз Экобелсенділер Каспий күнінде жағалауды тазалауға шақырады.