Маңғыстау облысында кеше коронавирус сырқатына шалдыққан 213 адам емделіп шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
1 тамыздан бастап бүгінгі күнге дейін 1 378 маңғыстаулық сырқатынан жазылып шықты.
Қазіргі уақытта стационарларда 1 207 науқас емделуде. Өткен тәулікте 240 адамнан коронавирус анықталып, 17 адам қайтыс болды.