Ақтауда 83 жастағы зейнеткер Зоря Погуляева коронавирус инфекциясына қарсы екпенің екі компонентін алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ол I компонентті сәуір айында салдырған. Әуелі алғашқы медициналық тексеруден өтіп, дәрігерден кеңес алды. Вакцинадан кейін зейнеткердің ағзасында ешқандай теріс әсер байқалған жоқ.
Оның айтуынша, жанұяның саулығы үшін маңызды науқанға бей-жай қарамай, отбасының барлық мүшесі ерікті түрде екпе алды. Енді олар бір-бірінің денсаулығына алаңдамай, емін-еркін араласады.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген жөн. Үйіңнен сыртқа шығуға қорқып отырғанша, вакцина қабылдап, еркін жүргенге не жетсін. Сондықтан облыс тұрғындарын вакцинаны үй ішімен алуға шақырамын. Бұл орайда дәрігерлерге алғыс айтам», - деді зейнеткер.