Маңғыстау облысы Өзбекстан Республикасымен екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге дайын, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Премьер-Министрдің Кеңесшісі Мехриддин Хайриддинов бастаған Өзбекстан Республикасының үкіметтік делегациясы Маңғыстау облысына ресми сапармен келді.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін, атап айтқанда, Маңғыстау облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы туризм саласын дамыту мәселесін талқылады. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайындығын атап өтті, делінген Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.