Жаңаөзен қаласындағы қант шығаратын зауыт жұмысын бастады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жаңа зауыт жылына 3 600 тонна қант шығарады. Бұл өңірге қажетті өнімнің 30%-ын құрайды. Зауыт күніне 10 тонна шекер шығаруға мақсат қойып отыр. Алғашқы өнімдерін сауда орындарына өткізіп те үлгерген. Жоба "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының аясында жүзеге асты. Оған бұрын басқа облыстардан қант тасымалдаған жеке кәсіпкер 86,6 миллион теңге инвестиция құйған. Ал жобаның жалпы құны — 248 миллион теңге. Шикізатты Иран мен Ресейден тасымалдайды. Шағын зауытта Жаңаөзеннің 35 тұрғыны жұмыс істейді.
"Әуелі ішкі нарықты қамтиды. Содан соң көрші облыстарға шығару жоспарларында бар. Алдағы уақытта кәсіпорынға "Еңбек", "Бизнестің жол картасы" бағдарламалары арқылы қолдау көрсетіледі", — деді МО Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаева.