«Қазпошта» АҚ интернет сатып алулар нарығын дамытуда.
Қолжеткізілген келісім онлайн түрде сатып алушыларға LetyShops серіктестерінен науқанға байланысты 20% дейін және қосымша 2% дейін cashback Kazpost AliExpress, Kazpost Virtual карталарымен төлеген кезде қарастырылған. Виртуалды картаны post.kz сайтында және мобильді қосымшасында ашуға мүмкіндік бар. Сатып алушылар үшін 3 мыңнан астам интернет-дүкенді біріктіретін кэшбэк-сервистің артықшылықтарын қолдану мүмкіндігі бар. Рost.kz сайтында «Пайдалы интернет сатып алулар» айдарына өтіп, онлайн сатып алудың шарттарымен танысуға болады.
Сілтеме бойынша серіктестің сайтына өтіп, тіркеуден өту қажет. Содан кейін дүкенді таңдап, Қазпошта картасымен оның ақысын төлеу қажет. Сатып алудың бағасынан берілген кэшбэкті Қазпоштаның кез келген картасына аударуға болады.