Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Аманбек Жұмыров мәлім етті.
«Өткен тәулік бойынша өңірде 111 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазір облыстағы инфекциялық стационарларда барлығы 530 төсек орын бар. Оның 320-сы бос емес. Яғни, 236 адам коронавирустық инфекциямен күрессе, 86 адам коронавирустық пневмонияға қарсы ем қабылдап жатыр. Ал 32 науқас жансақтау бөліміне жатқызылған. Оның 26-сы ауыр жағдайда, тағы алтауы аса ауыр халде», - деді Аманбек Жұмыров.
Аманбек Жұмыровтың айтуынша, Маңғыстау облысында қажетті дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры жасақталған.