Кеше Маңғыстау облысында 137 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, 2 адам көз жұмды.
Оның 56-сі Ақтау қаласының тұрғыны, 37-ы Мұнайлы ауданының тұрғыны, 8-і Бейнеу ауданының тұрғыны, 11-і Түпқараған ауданының тұрғыны, 6-ы Қарақия ауданының тұрғыны, 9-ы Жаңаөзен қаласының тұрғыны.
Науқастардың ішінде 89 симптомды, 48 симптомсыз. Қазіргі уақытта стационарда 335 науқас ем алуда. 28 науқас ауыр жағдайда, 12-сі өте ауыр жағдайда.