Кеше Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті онлайн-қабылдау өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мәселенің бірі Атамекен ауылында және Мұнайлы ауданында ауызсу тапшылығына қатысты болды. Бүгінгі күні аудан тұрғындарына "Каспий" су тұщыту зауытынан су кесте бойынша беріледі. Облыс әкімі бұл жағдайдың биыл жыл соңында шешілетінін айтты. Қазір “Каспий” су тұщыту зауытында жаңғыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыстар 2021 жылдың аяғында аяқталады.
Тағы бір ұсыныс Ақтау қаласының тұрғынынан түсті. Ол гүлзарларды, аллеяларды және Ақтау қаласының теңіз жағалауына апаратын сатыларды абаттандыру және онда шағын сәулет нысандарын орнату бойынша өзінің эскиздік жобаларын қарауды сұрады.
С. Трұмов барлық өтініштер мен ұсыныстарды тыңдап, жауапты органдарға осы мәселелерді шешуді жеделдетуді және қолданыстағы заңнама аясында оларды шешуге қолдау көрсетуді тапсырды.