Бүгін Qazaqstan Barysy-2021 турнирінде маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қола белбеу үшін өткен белдесуде ол ақтөбелік балуан Еламан Ерғалиевті жеңді.
Ал бас жүлдені Дәурен Нұралинов жеңіп алды, ал күміс белбеуді Ғалымжан Қырықбай иеленді.
Айта кетейік, бірінші орын иегеріне 25 млн теңге, бапкеріне 3 млн 500 мың теңге. Екінші орын иегеріне 5 млн 500 мың теңге, бапкеріне 1 млн 800 мың теңге. Үшінші орын иегеріне 1 млн 800 мың теңге беріледі.