Yessenov University түлектеріне алғаш рет жеке үлгідегі дипломдар табысталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Салтанатты шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қалмұратова Гүлмира, «ҚаражанбасМұнай» Акционерлік Қоғамы Бас директорының әлеуметтік және кадрлық сұрақтар бойынша орынбасары Рзаханов Асқар, Құрық портының Бас директоры Ахметов Серік, «Холидей Инн Актау» қонақ үйлер желісінің Бас менеджері Джебаров Тимур, Маңғыстау облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Альбекова Марина, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Тукенов Руслан және Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ташов Мади қатысып, түлектерге тілектерін айтып, диплом табыстау рәсіміне қатысты.
Сондай-ақ, кеште осы оқу жылында бастау алған “Қаражанбасмұнай” АҚ базасында бес сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары бойынша университет пен колледж студенттерін практикаға бағытталған оқыту бойынша пилоттық жоба қатысушыларына “Қаражанбасмұнай” АҚ атынан еңбек кітапшалары, ұсыным хат және естелік сыйлықтар табысталды.
Жалпы, биыл университетті 199 магистр және 680 бакалавр студенті бітіреді, оның ішінде 32 үздік диплом иегері бар.
Түлектер қатарында Теңіз академиясының алғашқы түлектері де бар.