Ақтауда қоғамдық көліктерде жолақысын енді Kaspi QR-мен төлеуге болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Kaspi.kz O-City-мен бірге Ақтау тұрғындарына ыңғайлы, жаңа сервисті іске қосты. Енді автобустарда жол ақысын Kaspi QR көмегімен төлеуге болады. Ол үшін Kaspi.kz қосымшасымен автобус салонындағы QR-кодты сканерлеп, смартфон арқылы бірден төлеу аласыз.
Төлеу кезінде стандартты тариф – 70 теңгені немесе балаларға арналған – 35 теңгені таңдауға болады. Төлем кезінде күн сәулесі әсер етпеуі үшін стикерлер терезеге емес, автобус салонының жоғары жақ бөлігіне орналастырылған. Қажет болған жағдайда кондукторлар төлем кезінде QR кодты сканерлеп, көмектеседі.
Сондай-ақ, төлемді QR-ды қолданбастан Kaspi.kz қосымшасы арқылы төлеуге болады. Ол үшін қосымшада салондағы автобус кодын енгізіп, тарифті таңдап, төлемді басу керек.
Төлемді растау үшін кондукторға қосымшадағы тексеруге арналған QR-кодты көрсету жеткілікті.
Kaspi QR арқылы барлық төлем комиссиясыз.