Бүгін Ақтауда өткен "Бизнес алаң" жобасы аясында жергілікті кәсіпкерлердің көрмесі өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оған бизнес саласында жетістікке жеткен алпыстан астам кәсіпкер қатысты. Жәрмеңкеге Ақтау, Жаңаөзен қаласы мен 5 ауданнан келген кәсіп иелері қатысты. Олар "Бастау бизнес” курсынан өткен. Бірі мемлекеттен қайтарымсыз грант алса, енді бірі төмендетілген пайызбен несие алып кәсібін дөңгелеткен жандар.
Жәрмеңке аясында табиғи өнімдер, тұрмысқа қажетті бұйымдар, қыз-келіншектерге арналған көйлектер, оюлы кәжекейлер көпшілік назарына ұсынылды.