23 маусым Халықаралық Олимпиада күні облыста 63 сәби өмірге келді. Оның 32 ер, 31 қыз бала, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығында 7 ер, 11 қыз бала туған. Ал Ақтау қалалық перинаталдық орталығында 23 сәби өмірге келді, оның 13 ер бала болса, 10 қыз балалар. Қалған 22 балақайлар аудандарда туылды.
Қазақстандық спортшылар аналарды маңызды күнмен видеоқоңырау арқылы құттықтады. Өмірге сәби әкелген әрбір ананың ұл-қыздарына өмірің жеңісті болсын атты «Олимпиада күні туған» сертификаты табысталды. Соның бірі Ақтау қаласының тұрғыны Бибінұр Ембергенова.
«Балам халықаралық олимпиада күні дүниеге келді. Дәрігерлерге алғысым шексіз. Ұлым танымал спортшылар сияқты еліміздің көк туын биіктерден желбіретер деген сенімдемін. Менің тұңғышым 2011 жылы дүниеге келген болатын. Араға 10 жыл салып екінші балам өмірге келді. Есімін Әділет деп қойдық», - дейді ол.
«Біздің орталықта 23 маусым күні 23 сәби дүниеге келді. Осы күні дүниеге келген нәрестелерге мыты денсаулық тілейміз. Олардың ата-аналары дән риза. Есімдері төрткүл дүниеге танылған бейбіт заманның батырлары, даңқты спортшылар бейнеқоңырау шалып өздерінің жүрекжарды тілектерін жеткізді. Осы шараның ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Ұл-қыздарымыз болашақта дарынды тұлғалар болып өсуіне тілектеспіз. Спорт, ғылым, жалпы алғанда өнері үстем болып биік белестерді бағындыра берсін деген тілегіміз бар», - дейді Ақтау қалалық перинаталдық орталығының дәрігер-неонатологы Гүлнар Кәрімова.
Айта кету керек, жыл басынан бері Маңғыстауда 10 614 бала өмірге келді.