Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Шебердің қолы ортақ» атты көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі Бейнеу аудандық филиалында «Шебердің қолы ортақ» атты көрме ұйымдастырды. Оған аудандағы қолөнер шеберлерінің 60-қа жуық туындысы қойылған. Бұдан бөлек көрмеде кестелеп тігілген, өрнектеп безендірілген бұйымдар да болды. Ұлттық нақыштағы киімдер мен зергерлік заттардың бірнеше нұсқасы қойылды.
Өз кезегінде шеберлер жастарға қолөнердің қыр-сырын үйретті.