Кеше Ақтауда 2007 жылғы бала тоқ соғып қайтыс болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қайғылы оқиға 23 маусым күні сағат 22:00-дер шамасында №7 мектеп-лицейі мен «Толқын» базарының маңында болған.
«Оқу орнының қоршауының маңына жарық шамы орнатылған. Куәгерлердің айтуынша, бала осы шамның бағанын ұстаған кезде оны тоқ ұрған. Оқиғаның нақты қалай болғанын анықтау үшін оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады МО полиция департаментінің баспасөз қызметі.