Маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілер спорттық жарыста бақ сынасты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің МО бойынша департаменті мен МО дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Теңіз жағасындағы “Амфитеатрдың” қасындағы таңғы жаттығу, жүгіру марафонынан басталған шара “Doma Doma street court” волейбол алаңшасында қол күресі, гір тасын көтеру, шахмат, дойбы, турникке тартылу, арқан тарту, теннис залында үстел теннисінен спорттық сайыстарға жалғасты.
Аумақтық департамент басшысының орынбасары Ерлеген Мендалиев іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында тек қана салауатты өмір-салтын насихаттау ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру екенін айтты. Жеңімпаздар арнайы диплом және медальдармен марапатталды.
Айта кету қажет, дәстүрге айналған жыл сайынғы спорттық спартакиада алдағы аптада волейбол түрінен жалғасады.