Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Болат Палымбетов Т. Хитуовтың өмірден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Бүгін жайсыз хабар алып, көңілім бұзылды. Тарас Хитуов қайтпас сапарға аттаныпты... Жаны жәннәта болсын... Тарас Киікбайұлымен 2002 жылы жұмыс барысында танысып, біраз жыл бірге жұмыс істеген едік. Маңғыстау облысының дамуына өзіндік үлес қосты. Сондай қарапайым, еңбекқор, сабырлы, сөзі мен ісі жарасқан жан еді. Қаншама адамның шынайы алғысына бөленді. Қайтыс болды дегенге көңілім сенбейді. Жақындары мен барлық ағайын-туғанына қайғырып көңіл айтамын. Алла алдынан жарылқасын. Иманы саламат болсын".