Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Күн тәртібіне сәйкес облыстық әділет департаментінің лауазымды тұлғасына қатысты тәртіптік іс қаралды. Тәртіптік істің қозғалуына құқық қорғу органының заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынысы негіз болды.
Ұсынуда әділет департаментімен жеке нотариустарға қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізу бойынша жолданған өтінімін дәлелдеме құжаттарының жетіспеушілігіне байланысты тіркеуден бас тартылғаны және жоғарыдағы өтінімді рәсімдеп, заңбұзушылыққа жол берген жауапты қызметкердің тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылғаны баяндалды.
Осы орайда, әділет департаменті құқық қорғау органының ұсынысы негізінде қызметкердің жауапкершілігін тәртіптік комиссияда қарап, оның іс-әрекетінде заңбұзушылық орын алмаған деп тауып, хаттама негізінде қатаң ескерту берумен шектелген.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тәртіптік іс құжаттарын зерделей келе, басым көпшілік дауыспен лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік жаза қолдануға негіздер болмауына байланысты тәртіптік істі тоқтату туралы шешім қабылдады.
Мұндай шешімнің қабылдауына өтінімге азаматтардың құқығы бұзылғандығын растайтын фото және бейнежазбаларды дәлел ретінде ұсыну мәселесі міндетті талап болып табылмайтыны, ондай дәлелдемелер болған жағдайда ғана жалғанатыны, кейін осы дерек бойынша әділет департаментіне сот органының жекеше ұйғарымы келіп түскені, онда «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының заңының талаптары өрескел бұзылғаны, яғни нотариустар тарапынан аталған заңның бірқатар талаптары сақталмағаны және осы бұзушылықтарға әділет департаментінің назарын аударғаны негізге алынды.
Жиын соңында аумақтық департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов мемлекеттік қызметшілермен күнделікті қызмет барысында қолданыстағы заңнама талаптарының сақталу қажеттілігіне баса назар аударды.