Бұл туралы Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев айтты.
Өңірде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қадағалайтын 50 мониторингтік топ бар. 1 қаңтар мен 2 маусым аралығында 1511 рейд жүргізіліп, 10 202 нысан тексерілді.
«Рейд барысында 54 нысанда карантин талаптарын бұзушылық анықталды. Нәтижесінде 54 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның 5 заңды тұлға, 24 жеке тұлға және 25 жеке кәсіпкер. Салынған айыппұл 11 843 020 теңгені құрайды», - деді Ғазиз Надуев.