ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәу етерім – тәуелсіздік!» атты республикалық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жүрсін Ерман жүргізетін сөз сайысына елімізге белгілі 18 ақын қатысады. Олар: Қазырет Бердіхан, Рүстем Қайыртайұлы, Аспанбек Шұғатаев, Шалқарбай Ізбасаров, Біржан Байтуов, Төлеген Жаманов, Тоба Өтепбаев, Талғат Мықи, Тілеген Әділов, Жансая Мусина, Марат Ахметовтармен бірге маңғыстаулық ақындар Нұрлан Мұсаев, Абай Жолмағанбетов, Азамат Орынбасаров, Райымбек Түзелов, Арғынбек Қалбаев, Зейнетолла Қосымбаев, Алшын Суемовтер бақ сынайды.
Екі күнге созылатын аламан айтыс 26, 27 мамыр күндері сағат 14.30-де Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде өтеді. Карантин талаптарына сәйкес орын саны шектеулі. Билеттер мәдени-демалыс кешенінің кассасында сатылады. Облыстық телеарна арқылы трансляция жасалатын болады.