Маңғыстауда 21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында «Тәуелсіздік. Мәдениет. Қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Салтанатты шараға сала ардагерлері, қоғам қайраткерлері мен өңір мәдениетінің өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген мамандар қатысты. Жиында облыс әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова құттықтау сөз сөйлеп, өңірдің мәдениет саласына елеулі үлес қосқан қызметкерлерді марапаттады.
Атап айтқанда, Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі 7 адамға, «Құрмет грамотасы» 1 адамға, облыс әкімінің «Алғыс хаты» 10 адамға табысталды. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес 11 маман жылдың үздік қызметкері атанды.