Ақтауда кеше 18 жастағы бала суға батып кетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қайғылы оқиға шомылуға тыйым салынған жерлердің тізіміне енгізілген жағалау учаскесінде болған. Ол жер халық арасында 43 шақырым деп аталып кеткен.
Жастар достарымен демалыста болған. Марқұм теңізде жүзіп жүрген жерінде жоғалып кеткен. Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының айтуынша,кеше теңізде судың температурасы 17 градус болды.
Құрамында бес адам және бір жүзу құралы бар жедел-құтқару жасағы 17:53-те жасөспірімнің мәйітін тапты.
Айта кетейік, Маңғыстауда 6 учаскеде суға шомылуға тыйым салынған.