Бұл туралы Ақтау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алпысбай Таубаев айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, қала халқының өсуіне байланысты су тапшылығы бар. Соған сәйкес шаhapға 19 000 м3 ауыз су қажет. Қазір «МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС қысқы мезгілде қалаға тәулігіне 28 000 - 30 000 м3, жаз мезгілінде 52 000 м3 ауыз су береді.
"Қала аумағын қажетті ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, қаланың солтүстік бағытынан 2 сатыдан тұратын көлемі - 45 000 м3 болатын су тұщыту зауытын, салу қажет екендігін атап өткім келеді. Бүгінде осы жұмыстарға инвестор тарту жүргізілуде”, - деді Алпысбай Таубаев.