Ақтау қаласында 34 шағынауданда 900 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім ордасы заманауи үлгіде салынады. Мектеп түгел бейнекамералармен бақыланады. Оқушылардың спортпен шұғылдануына да барлық жағдай жасалған. Бұл мектеп аяқталса, қаланың жоғарғы бөлігінде, жаңа шағынаудандағы мектеп мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Екінші мектеп «Шығыс-1» шағынауданында салынып жатыр. Қос білім ордасы да алдағы жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.