Тышқан жылы табалдырықтан әрі асқалы, Сиыр жылы жерімізге аяқ басқалы тұрған Жаңа жылдың қарсаңында ұжымымыздың екі бірдей атпал азаматы, «Мұнайлы» газетінің редакторы Мұрат Жетекбай мен «Рауан» газетінің редакторы Беркінбай Гарабаев еңселі елу жасқа толып отыр.
«Елу – ердің жасы» дейді дана халқымыз. Осы елу деген ерен жүйріктің жалына жармасып, ауыздықтап мініп алған ерлеріміздің еліне бергенінен әлі де берері көп.
Біз жарты ғасырдың жемістерін қанжығасына өңгеріп алып, торқалы тойларын дүбірлете тойлап жатқан әріптестеріміздің еңбегіне толағай табыс, шығармашылық шабыт, отбасына береке-бірлік пен бай-бақуатты тірлік тілей отырып,
Журналист болың жалынды,
Қаламы жүйрік, қарымды.
Редактор болып дарынды,
Халқыңа берің барыңды, – демекпіз.
Туған күндеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға береке, дендеріңізге саулық тілейміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Құрметпен « Маңғыстау-Медиа» ЖШС ұжымы