• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 30 Қазан 2020

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстауда «Орел и Решка» бағдарламасы түсіріліп жатыр...

Облыста 3 оқушы мен 1 мұғалім коронавирус жұқтырған...

Ардагер журналист Есберген Іңірбайұлы 70 жасқа толды...

Маңғыстаулық екі оқушының коронавирусты қайдан жұқтырғаны белгілі болды...

Маңғыстауда тағы 3 адамнан коронавирус анықталды...

  • BRL: 75.22 ₸
  • HUF: 13.74 ₸
  • CAD: 324.45 ₸

Бекет ата феномені – бүгінгі күн көзімен

14 қазан, 14:25  |  Маңғыстау жаңалықтары

Бекет атаның өткен дәуірлердегі аңыз болып кеткен қасиеттерін емес, осы заманда, күні кеше ғана билік басындағыларды тәубесіне келтірген бір оқиға жайлы айта кетелік. Мемлекет, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Равиль Шырдабаевтың естелігінде («Е.Қ», 13 2014, «Ел ардағы») былай дейді:

«...Әлі есімде, 1998 жылғы наурыз айының орта кезі болатын. Астанадан ҚР Президенті жанындағы Жоғары тәртіптік кеңес төрағасы Оралбай Әбдікәрімов пен аталмыш кеңестің хатшысы Ә.Жолшыбеков арнайы іссапармен Атырауға келді. Ол кезде мен осы облыстың әкімі едім. Жоғары лауазымды қонақтарды бірінші орынбасарым Ж.Түнғатаров екеуміз қарсы алдық... Атырау қаласынан 280 шақырым жерде орналасқан «Теңіз» кенорнына ұшып шықтық.

«Теңізшевройл» сапарынан кейін қонақтарға Құлса­рыдан 63 шақырым жерде орналасқан, Бекет ата дүниеге келген және ата­-анасы, өзге де туыстары жерленген «Ақмешітке» бару ұсынылды... Тікұшақ келісілген жерге кешкі жетіге қарай келіп жетті. Күн көкжиекке еңкейген уақыт. Біз діни рәсімнен кейін Бекет атадан тарайтын ұрпақтың өкілі болып келетін Исламның шақыруына бара алмайтынымызды айтып, одан кешірім сұрадық. Өйткені отыз минут шамасында айналаны қою қараңғылық тұмшалап алатын болғандықтан Құлсары әуежайы түнгі уақытта ұшақтарды қабылдауға қызмет көрсете алмайтын. Осыны тілге тиек етіп, тікұшаққа қарай асыға бет алдық. Тікұшақ шамамен 100 метрдей биіктікке көтерілгеннен кейін 15 минуттай уақыт өткенде оқыс дыбыс естіліп, төмен қарай күрт құлдилай жөнелді. Сырғанап бара жатып тағы бір қатты соққыға тап келгендей болды.

Біз ұшқыштарды қоса есептегенде 12 адам бар едік. Бәріміз біріміздің артымыздан біріміз, сыртқа атып-­атып шықтық. Жанұшыра ұзап барып артымызға қарағанда тосын бір көріністің куәсі болдық. Тікұшақ құлдилап барып шағыл құмға соғылды да сырғанай жылжи келіп соққысын бәсеңдетті. Келесі шағылдың шетіне сұғына кіріп барып кілт тоқтай қалды.

Біз Оралбай Әбдікәрімұлы екеуміз, тікұшақтың алғы жағына жайғасып, артқы жағына қарай қарап отырған едік. Тікұшақ құлдилай жөнелген кезде басқалары біздің үстімізге опырыла құлады. Абырой болғанда тікұшақтың ішіндегі жанармай құйылған екі бак жарылған жоқ. Сәлден соң біртіндеп өзімізге келе бастадық. Енді байқасақ, Оралбай Әбдікәрімұлының бас киімі, Әмзебек Рысбекұлының бір туфлиі, кейбірінің сырт киімі тікұшақтың ішінде қа­лыпты. Біз тікұшаққа жақындауға бата алмадық. Өйткені оның төбесіндегі айналма қалақшалары морт сынып, жан­жаққа шашырап кетіпті. Бірақ тікұшақтың моторы әлі жұмыс істеп, винті айналып тұрған-­ды. Сондықтан кез келген сәтте оқыстан жарылыстың болуы ықтимал еді. Біз Ақмешіттен шамамен 30 шақырымдай жерде болатынбыз. Ал аудан орталығы Құлсары бізден 40 шақырымдай, Атырау 250 шақырымға жуық қашықтықта болатын. Ақырын ілбіп, «Ақмешітке» қарай беттеп келеміз. Онда телефон байланысы мен рация бар болатын...».

Равиль Тәжіғараұлы болған оқиғаны жасырмай, әділін жазып отыр. Олар Ақмешіт басына келіп тағзым еткенмен, асылып жатқан «булы қазанды» тастап кеткен­-ді. Жалпы Р.Шырдабаев та, Т.Жұмағұлов та құлап жатқан Ақмешітті қалпына келтірген, яғни ислам дінінің бір ірі тарихи орнына сәулетті ансамбль тұрғызған иманды, көкірегі ояу, абзал азаматтар. Сол үшін ата оларға кешірім жасай отырып, тікұшақты ғана істен шығарып, өздерін аман­-есен қайта­дан Ақмешітке жаяу алып келіп, шырақшы Исламның үйіндегі өздеріне сойылған қонағасыны жегізеді. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де осы...

Алла дарытқан қасиеттің арқасында дәстүрлі Ислам дініне сай елі оған қалтқысыз сеніп, сыйынатын Пірге айналған ата жайлы мерзімдік баспасөздерде жария­ланып жатқан мақалалар да, арнайы кітаптар да бар­ шылық, арнау өлең-­жырлар қаншама?! Ақындардың ішінде ата аруағын алғаш ғылыми тұрғыда зерттеуге негіз жасап, көмілген құм арасынан аршып алуға бар күш­жігерін жұмсаған ғалым Қ.Сыдиықұлынан бастап, Ә.Кекілбаевтың, Ф.Оңғарсынованың, Ғ.Қайырбеков­тің, Шота-­Аман Уәлиханның, А.Өтегеновтың, Ғ.Әріптің, С.Назарбекұлының, Р.Аяпбергенұлының, И.Мырзабектің, Р.Қосбармақтың, тағы басқалардың шығармалары Бекет ата феноменін ашуға ұмтылыс жасайды. Өлең табиғатына кір келтірмейтін жақсы арнау жырлар да жеткілікті-­ақ. Бірақ Атаның феноменінің құпиясы әлі ашыла қойған жоқ. Мүмкін ашылмайтын да болар.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстанда дәс­түрлі діндерге баса көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде ді­ни орындарды жергілікті билік ерекше қамқорлыққа алды, халықты имандылыққа тәрбиелейтін жаңа мешіт­-медреселер салынды. Бекет атаның Жем бойындағы, Бейнеудегі, Оғыландыдағы мешіттерінің архитектурасы қалпына келтіріліп, бақ орнатылып, жұртшылықтың тәу ететін киелі орнына қайта айналдырды. Маңғыстау облысы әкімдері Л.Қиынов Ақтаудағы жаңа Бекет ата мешітінің салынуына бастамашы болса, Қ.Көшербаев Ата мәңгілік дамылдап жатқан Оғыланды мешітіне Жаңаөзен қаласынан басталатын «Қызылсай – Шопан ата – Оғыланды» автомобиль жолын төсеп, оған «Ата жолы» деген атау берді. Е.Тоғжанов осы жолды туристерге жеңіл, әрі қолайлы болуы үшін асфальттауды қолға алды. Ал С.Трұмов бұл халықтық істі одан әрі жалғастырып, «Ата жолы» өн бойын елді мекендерге айналдыруға ниеттенуде.

Аса маңызды, бірақ елеусіз қалған бір оқиға еске түседі.

1994 жылғы 13­-14 маусымда Маңғыстау облысына Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен жоғарғы кеңес төрағасы Әбіш Кекілбаев келеді.

Президентті әуежайда облыс тұрғындары атынан әнші Ізбасар Шыртанов әннен шашу шашып қарсы алады. Таратылған облысы қайта құрылған, Ақтау қаласы бұрынғы қазақы есімін қайтарып алған, екі перзентінің бірі – Жоғарғы кеңестің төрағасы, екіншісі облысқа әкім болған маңғыстаулықтардың бұл кезде көңілдері тым көтеріңкі, Президентке деген ыстық ықыласы шексіз болатын.

Маңғыстау – адам қолымен жасалған мәдени ескерт­кіштердің өзіндік аспан асты мұражайы. Солардың бір­азын Елбасы осы сапарда аралады. Оғыландыдағы Бекет ата жер асты мешітіне арнайы барып тағзым етті. Осы тұста қазақтың соңғы Піріне мінәжат ете келген Елбасы «не тіледі екен?» деген сұрақтың кейбір әуесқой пендені (оның ішінде журналистерді) мазалайтыны да түсінікті. Елбасы Маңғыстау сапарынан кейін бірер апта өтпестен Ә.Кекілбаев басқарып отырған Жоғарғы кеңестің сессиясына астананы Ақмолаға ауыстыру жөнінде мәселе қояды.

Әбіш ағаның естелігінен: «Әліге дейін көз алдымда. Ақтауға аттанғалы жатырмыз. Нұрсұлтан Әбішұлы ұша­ғына бас сұқпай жатып, мені өз салонына шақырды. Елбасы кенет: «Әбіш, осы Ақмолада қашан болдың?!» деп сұрады. Мен жауап бердім. Өзі жуырда ғана болыпты. Қаланың тарихын, табиғатын, ауа райын, төңірегін, қазіргі жай­-күйін бес саусағындай біліп алыпты. Мұның тегін еместігін ішім сезе қойды. Бірақ әңгімесін бұзбай тыңдай түстім...

Арада бірер апта өтер-­өтпесте, Жоғарғы Кеңестің үйлестіру кеңесіне енді кіргелі жатыр едік, кенеттен Еркін Мағзұмұлы Асанбаев кіріп келді. Сөзге сараң вице-президент қалың қабағын бір керіп қойып: «Нұрсұлтан Әбішұлы ертеңгі мәжіліске бір мәселе енгізуді сұрайды», – деді. Есіме анадағы ұшақ үстіндегі әңгіме сарт ете қалды...

Ертеңіне жоспарлы мәжілісімізге жиналдық. Депутаттар хабарланып қалыпты... Ақпарламаны Нұрсұлтан Әбішұлының өзі жасады. Зал тым-­тырс. Сілтідей тынып тыңдап отыр. Президент сақадай-сай әзірленіп келген. Қардай жауа жөнелген сұрақтарға еш мүдірместен егжей­-тегжейлі жауап беріп жатыр...» (Ә.Кекілбаев. «Астананы таңдарда». «Қ.Ә.» №26-­27. 3.07.2015).

Демек Елбасы көптен ойында жүрген тәуелсіз Қазақ Елінің жаңа астанасын белгілеу алдында Бекет атаға мінә­жат етуге келген деуге негіз бар.

Айтуар ӨТЕГЕНОВ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

264
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Ақтауда жаңа телевизиялық ретро фестиваль көрерменге ұсынылады

Келесі жаңалық

Ақтауда «у шашқан» ұшаққа қатысты түсінік берді

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

    [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
    994

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    931

    "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

    [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
    679

    "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

    [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
    791

    Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
    1120

    Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

    11 тамыз, 12:01
    660

    Рубрикалар

      ТағайындауЖаңалықтарEXPO - 2017Редакция туралыӘдебиетРухани жаңғыруБайланыс мәліметтеріҚазақстан жаңалықтарыФотоДенсаулықБейнеуРедакция

    Автордың басқа да жазбалары

    Мемлекет басшысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезіне қатысты

    Кеше 17:42
    62

    Мұнайлыда мал азығын өндіретін гидропоника саласы дамып келеді

    Кеше 15:05
    115

    Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді

    Кеше 14:58
    55

    Маңғыстауда инфекциялық стационарларда 69 науқас жатыр

    Кеше 14:15
    75

    Ақтаудағы тұрғын үйдің бірінің кіреберісі қазақша нақышта сәнделді

    Кеше 10:43
    169

    Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған мырзаның 29 қазан Республика күніне орай құттықтауы

    Кеше 09:45
    107

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»