Бүгін облыс әкімі Серікбай Трұмовтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Күн тәртібінде Маңғыстау облысы бойынша мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалысы, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік салалар объектілерінің жылыту маусымына дайындық барысы, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының орындалысы қаралды.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шыңғыс Дюсеновтің мәліметінше облыс бойынша мүгедектерді оңалту бағдарламасының орындалысы 26,8% құрайды.
- протездік ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету – 4,7 %. Оның ішінде қажет ететіндер адам саны – 2 529, өтініш бергендер саны- 2027, қамтылғандар саны – 95.
«Medicare Intervation» ЖШС-мен келісім шарт жасақталды. Бүгінгі таңда мамандар қалалар мен аудандарға барып өлшемдер алуда. Аяқ киімдер мен барлық протездердердің таратылып және жолдама беріліп жатыр. Сонымен қатар, 233 адамға ортопедиялық аяқ киімдер беріліп, 45 адамға кеуде безі протездері дайындалды.
Көп функционалды дабылды жүйелер, мәтіндік хабарламасы және хабарды қабылдау қызметі бар ұялы телефондар, саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағаттарды жеткізу бойынша өнім берушілермен келісім-шарт жасақталған.
Сондай-ақ, жиын барысында өңірлік коммуналдық компанияларды ірілендіру бойынша Энергетика және ТҮКШ басқарма басшысы Айдос Хамиев баяндама жасады. Елбасы Н.Назарбаев Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 51 қадамында аймақтық электр желілері компанияларын ірілендіруді тапсырған болатын. Мегізгі мақсат:
1) электр қуатын жеткізудің сенімділігі мен сапасын арттыру;
2) өңірлерде электр энергиясын тарату бойынша шығындарды азайту;
3) тұтынушылар үшін электр энергиясының бағасын төмендету;
4) жүйелік операторда және өңірлік электр желілік компанияда орнатылған жүйелермен біріздендірілген коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің (АСКУЭ) болуына сай келуі тиіс. Бұл бағытта өңірде бірқатар жұмыстар қолға алынған.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының орындалысы туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл айтып берді.
ҚР Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті оның ішінде ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында 2020 жылға шағын несие беруге - 1 202 396,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда барлық бөлінген қаржы бойынша 263 өтінім қабылданып, оның ішінде 257 өтінім мақұлданды.