Өңірдегі «Оймаша» полигонындағы теңіз жаяу әскерінің әскери қызметшілері карантин шараларын қатаң сақтай отырып, практикалық оқ ату қолданылатын қарқынды жауынгерлік даярлығын жалғастыруда.
- Әскери қызметшілермен жеткілікті теориялық және практикалық сабақтар өткізілді, - деді теңіз жаяу әскер 1 ротасының командирі, гвардия аға лейтенанты Б.Нұрмұхаш. - Бүгін олар жақсы нәтижелер көрсетіп, қару-жарақты, әскери техниканы, сондай-ақ дәл оқ атуды сенімді түрде көрсете алды. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып, әскерилердің жауынгерлік дайындығы жалғасып жатыр, әртүрлі атыстардың 4 түрі өткізілді. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер жаяу әскердің жауынгерлік машинасынан (БТР-82А), танкке қарсы қол гранатометінен (РПГ-7В) және атыс қаруынан практикалық оқ ату бойынша сабақтар өтті.
- Біздің басты мақсатымыз - барлық қажетті дағдылар мен қабілеттерді молынан толықтыру. Барлық жеке құрамның денсаулық қауіпсіздігі үшін бірқатар шектеулер бар екенін түсінеміз және бұл дайындық кезінде қосымша қиындықтар туғызады. Бұл орайда атақты қолбасшы А.Суворовтың «оқу — жаттығуда қиын, ұрыста — оңай» деген сөзі еске түседі, - деді теңіз жаяу әскерлері 1 батальонының командирі гвардия майоры Қ.Аққожаев.
Биыл теңіз жаяу әскерлер бригадасы 300-ден астам әскерге шақырылушылармен толықтырылған екен. Енді олар әскери ант қабылдап, теңіз жаяу әскері мәртебесіне көтеріле бастайды.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА