Ғұмырды қайтем, тұрлаусыз?
Тіршілік жоқ қой -шырмаусыз,
Қайран да менің Ақ Гүлім ...
Қалдырам қалай жырлаусыз ?
Бауырмал болдың бауырға,
Жағымды болдың қауымға
Аласармай да жүруші ең,
Кезіккен өткел- дауылға
Ерекше болдың, Елігім!
Жарасқан келбет-көрігің
Ел үшін адал іс қылып,
Айшықты еді сенімің!
Есімде бүтін ғұмырың,
Елгезек болған құлыным!
Жүруші едің көрсетпей,
Тағдырдың салған сынығын.
Ұшқыр да болды ойларың,
Балауса кезден бойладың
Артекке бардың ерек боп,
Біліммен өрлеп аймағың!
Шұғылаң көпке шашылған
Еңбекқор болдың жасыңнан,
Досқа да сыйлы ,сүйкімді
Қызғалдақ едің ашылған!
Тәрбие және білімде,
Қолтаңбаң қалды ілімде
Мәдениетінде Өлкенің
Сақтаулы қалды үнің де!
Қоғамда қалды дерегің,
Биікте еді кемерің!
Туған жер жасын сүртіп тұр,
Жоғалтып нәзік- Желегін...
Шуағын шашқан күн де едің,
Бүгін де мынау түнге ендің...
Аязды күні бүр жарған,
Сабағы келте гүл ме едің?
Дертіміз жанға сия ма?
Бірге өскен бауыр ұяда,
Қуаныш көрер сәтіңде,
Асықтың неге "қияға "?
Сағындың ба екен қызыңды ?
Ертерек ол да үзілді...
Мезгілсіз кеткен жан-жарың ,
Сағынды бәлкім жүзіңді ?!
Мезгілдер мынау қас-қағым!
Келмеске кетті-ау жас жаның,
Қос ұлдың көркем күндерін...
Ақ Гүлім кімге тастадың?
Халқыңның берген Алғысы,
Ұлдарыңа қалған дарысын,
Аналық - сезім қорған боп ,
Қастарынан ылғи табылсын!
Алладан келген сынаққа,
Амалың бар ма бірақ та!
Пейіштің нұры шашылып,
Табылсын жаның Жұмақта!
Хор қызы болып Тәңірдің,
Жәннаттан жаным табылғын!
Алдыңнан гүл боп шашылсын ,
Өтеуі адал жаныңның...
Еске алушы апасы Гүлзипа Тасеменқызы және тумаластары