Ақтау қаласының әкімі Ғ.Ниязов және орынбасарларының қатысуымен 29 шағынаудан 24 үйден Ақтау қалалық әкімдігіне қарасты "Жанұя" орталығы ашылды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Орталық көп балалы аналарға мемлекетік құрылымдар өкілдері, психолог, заңгер мамандары тегін кеңес беріп, көмек көрсетеді. Кездесуде қала басшысы: “Бұл орталықтың бірден-бір мақсаты - көпбалалы аналармен жұмыс істеу, отбасы құндылығының артуына ықпал ету, олардың өзекті мәселелеріне құлақ асып, қолдау білдіру. Енді қаладағы көпбалалы аналар осы орталық арқылы түрлі сауалдарына жауап алып, мамандардан кеңес ала алады”, деп, орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.
“Жанұя” қолдау орталығында өз кәсібін табыс көзіне айналдырамын деп ниет еткен көп балалы аналарға жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, шеберлік сабақтары өткізіліп, орталықтың конференц залында семинар-тренингтер мен мәдени шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр.