Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам тіркелді. Науқас - 1998 жылғы әйел адам, Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Науқастан вирус скрининг кезінде анықталды, деп хабарлайды МО ҚКО.
Науқас инфекциялық стационарға жатқызылды. Қазіргі таңда бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
15.06.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 379 адамнан COVID-19 вирусы анықталды.
Ақтауда – 103
Жаңаөзенде – 36
Маңғыстау ауданында – 15
Мұнайлы ауданында – 22
Қарақия ауданы – 47
Бейнеу ауданында - 149
Түпқараған ауданында - 7
Жазылып шыққаны – 246
Қайтыс болған – 2