Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам тіркелді. Ақтау қаласында - 2, Бейнеу ауданында (Сарға ауылы) - 1. Науқастың барлығы бұрын індетті жұқтырған адамдармен байланыста болған.
Бірінші науқас - 1954 жылғы ер адам.
Екінші науқас - 1989 жылғы ер адам.
Үшінші науқас - 1995 жылғы әйел адам.
Науқастар жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Қазіргі таңда бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
12.06.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 371 адамнан COVID-19 вирусы анықталды.
Ақтауда – 99
Жаңаөзенде – 34
Маңғыстау ауданында – 15
Мұнайлы ауданында – 22
Қарақия ауданы – 47
Бейнеу ауданында - 147
Түпқараған ауданында - 7
Жазылып шыққаны – 217
Қайтыс болған – 2