Жүздеген кәсіпкердің өтінішіне байланысты Ақтаудағы «Мағаш» (сары базар) сауда үйінің жұмысы тоқтамайтын болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Базардың азық-түлік сататын бөлігі таңғы сағат 8.00-ден кешкі 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Аптасына бір күн (дүйсенбі) дезинфекция жұмысы жүргізіледі.