© мұрағаттан алынған фото
Маңғыстауда барлық жан танитын бір апамыз бар. Ол біздің Зиза апамыз. Қазіргі елде жарияланған төтенше жағдай кезінде апамыздың қалын сұрап, хабарласқан едік. Апамыз да осы қиын жағдайда қол қусырып отырмай, қолынан келгенше халыққа көмектесіп жатқанын айтты. Қазір көмек сұрап хабарласатын жандар көп болғандықтан, осыны шешу үшін әкімшілік пен халық арасында жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті.
“Мен қазір “Nur Otan” партиясы Маңғыстау облыстық филиалымен жұмыс істеп жатырмын. Облысымыздағы барлық қала, ауданмен хабарласып көмектесіп жатырмын. Екі жерден (42 500 тн; 50 000 тн) де әлеуметтік көмек алып жатырған ата-аналарды да зерттеп, біліп жатырмыз. Әрине қанша алса да ерекше балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарына артық емес. Дегенмен де көмекті екі рет алса кері қайтарып алмаймыз, тек ескертіп айтамыз. Өйткені әлеуметтік көмек басқа да көмекке мұқтаж жандарға жеткенін қалаймыз”, деді Зиза апа.
Сонымен бірге жайдары, көркем Зиза апамыз еліміз қиын жағдайды тез еңсеріп, амандықта жолығайық деп ізгі тілегін жеткізді.