Ақтау қаласындағы адамдар көп шоғырланатын «Дина», «Мағаш базары» және басқа да сауда орындарында Волонтерлар корпусының жастары коронавирустан қорғану жадынамасын тұрғындарға таратып, ақпараттық үгіт-насихат жұмысын жүргізе бастады.
Сонымен қатар, сауда орындарының қызметкерлеріне де қаламыздың кәсіпкері ұсынған 100 дана көпреттік маска таратты. Волонтерлардың көмегімен мыңнан астам жадынама таратылды.