Әлеуметтік желіде өңірлегі кен орындарының бірінде мұнайдың ашық далаға ағып жатқаны туралы бейнежазба тарады, деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz.
Аталған жайды түсірген тұрғын жылқылардың мұнай аралас суды ішіп жатқанын айтады.
«Мынау ұңғымадан су бұрқырап шығып жатыр. Жылқылар мұнайға тойып жатыр. Ішінде мал толып жүр. Иісін жұтып жүр. Қаншама үйір жылқы», - дейді бейнежазба авторы.
Иен далада болған оқиғаның нақты қай жерде түсірілгені белгісіз. Осы ретте mangystaumedia.kz редакциясы экология департаментінен ресми жауап күтеді.