Өткен жылдың наурыз айында алаяқ жәбірленушінің РФ тіркеуінде тұрған «Тойота Ипсум» автокөлігін заңдастыруға уәде берген. Ақша алғаннан кейін уәдесін орындамаған. Келтірілген материалдық залал сомасы 1 400 000 теңгені құрайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ПД-ға сілтеме жасап.
Ақтау қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.
Бұл факт ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-да тіркелген. Тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
«Маңғыстау облысының полиция департаменті облыс тұрғындарын алаяқтардан сақ болуға шақырады. Адамның өзіне немесе жеке мүлкіне қатысты барлық құжаттар ресми мемлекеттік органдардан тек заң шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс екенін есте ұстаған жөн», - дейді полицейлер облыс тұрғындарына.