Маңғыстау облысы әкімдігінің Telegram чатына қоқыс шығаруға қатысты көптеген шағымдар түсіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
– Тырнақшаға алынып айтылатын сүйікті мекемеміз «Мұнайлы қызмет» екінші күн болды міне, белсенділік танытпай отыр, – деп Маңғыстау әкімдігінің Telegram-чатының тұрғыны өз үндеуін жариялады.
- «Приморский» тұрғын массиві тағы да қоқысқа көмкерілді. Әкімдік қызметкерлері 2 күн бұрын келіп тексерген еді. Олар келетін кезде қоқыс шығарылды, біз мекеме қызметкерлерін сол кезде соңғы рет көрдік. «Мұнайлы-Қызмет», ар-ұяттарыңыз бар шығар. Ешкім көрмеген көшелерді тазалағандарыңыз үшін ақы алып қана қоймай, қоқысты шығаруға ерінесіздер. Ал олардың төлем чегін уақытында жіберіп отырасыздар, оның үстіне төлем ескертусіз 2 есе көтерілді, - деп жазады тұрғындар.
Өмірзақ ауылы әкімдігінің өкілдері тұрғындардың арыз-шағымына қатысты пікір білдірді.
– Таңертең тұрғын үй массивін жеке аралап, қоқыс шығаратын мекеме басшылығына тапсырма берілді. Егер серіктестіктің қызметі көңілден шықпаса, тұрғындардың басқа компанияны таңдауға құқығы бар, - деп жауап берді Өмірзақ ауылы әкімдігінің өкілдері.