Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің уақытша ұстау изоляторының қызметкерлері психотроптық заттарды өткізу әрекеті фактісін анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мекеменің азық-түлік өткізуге арналған бөлмесінде тексеру кезінде кәмпиттердің ішіне жасырылған ақ түсті таблеткалар табылды.
«Алдын ала мәліметтер бойынша тәркіленген психотроптық зат – трамадол. Тергеу-жедел тобы шақырылып, одан кейін тыйым салынған заттарды тәркілеу актісі жасалды», - деді тергеу изоляторы бастығының міндетін атқарушы Елдос Нұржаубай.
Бұл сәлемдеме айыпталушылардың біріне апарылған.