Түркияның Ақтаудағы бас консулдығында Түрік кофесі күні аталып өтті. Шараға Әзербайжан, Иран бас консулдары мен Ақтаудағы Ассамблея басшысы, Түркия азаматтары және ақтаулықтар қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Түркияның Ақтаудағы бас консулы Сабри Альптекиннің айтуынша, түрік кофесі тарихының тамыры тереңде. Кофені әр адам өзімен дос, бауыр болуға, жақын болуға ниет еткендерге ұсынады дейді ол. Оның сөзінше, кофе ішу дәстүрі – күйбең тірліктен ой сергітіп, әңгіме-дүкен құрып отыратын рухани құндылық.
- Кофе Осман Империясына 15-ғасырда келген. Сол кезден бастап бұл сусын түріктердің өмір салтына ене бастаған. Түрік кофесін баяу отқа ысытып ішеді. «Бірге ішкен кофенің 40 жылдық естілігі бар» дейді түрік халқы. 2013 жылы ЮНЕСКО ұйымы 2013 жылы 5 желтоқсанды «Түрік кофесі күні» деп жариялаған. Сол уақыттан бері Түркия мен басқа елдерде де бұл күн аталып өтеді. Сол себепті Ақтаудағы бас консулдықта кофе ішу шарасы ұйымдастырылды. Әрдайым ынтақтастығымыз арта берсін дегім келеді, - деді Түркияның Ақтаудаңы бас консулы Сабри Альптекин.
Махаббат Нұржанқызы