Маңғыстаулық құтқарушылар көрші өңірлердегі су тасқынына байланысты 68 күнге созылған төтенше жағдай уақытындағы іссапарын аяқтап, үйлеріне оралды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгін таңертең № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлерін салтанатты түрде қарсы алу шарасы өтті. Олар 2 ай бойы қардың қарқынды еріп, жауын-шашынның көп түсуі салдарынан көрші өңірлерде болған су тасқынымен күресті. Айта кетсек, өңіріміздің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары апатты жағдайды жеңілдету үшін Ақтөбе облысында, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарды.